Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды © primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD).

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген. 2012 жылғы тамызда "Қазақ Гуманитарлық Заң университеті" АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 

2015-2018 жылдары - М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры - Басқарма Төрағасының орынбасары. 2018 жылдан бастап қазіргі таңға дейін -  М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер Академиясының директоры қызметін атқарды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети