29 қараша 2015 12:06

"Мона Лиза" картинасының үш өлшемді суреті жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мона Лиза" Париждегі жолдардың астында жатыр. © Алексей Куденко / "Коммерсантъ" "Мона Лиза" Париждегі жолдардың астында жатыр. © Алексей Куденко / "Коммерсантъ"

"Мона Лиза" портреті үш өлшемді суретке түсірілді, - деп хабарлайды Lenta.ru ағылшынның The Mail басылымына сілтеме жасап. Бұл көзі нашар көретіндерге арналған "Көрінбейтін өнер" жобасының аясында жасалды.  


"Мона Лиза" портреті үш өлшемді суретке түсірілді, - деп хабарлайды Lenta.ru ағылшынның The Mail басылымына сілтеме жасап. Бұл көзі нашар көретіндерге арналған "Көрінбейтін өнер" жобасының аясында жасалды.  

"Әлемде классикалық туындылар жайлы көп естісе де, оларды көре алмайтындар көп. Енді олар картинадан әсер ала алады және ол туралы өз пікірін қалыптастырады", - деді жоба авторы Марк Диллон. 

Бастама көтергендердің мақсаттарының бірі - әлемде өнерге теңдей қолжетімділікті ұйымдастыру. Осы мақсатта олар қандай да бір картинаның үш өлшемді суреті жасалғаннан кейін осылай үш өлшемді баспа жасауға арналған барлық техникалық мәліметтерді жалпыға ортақ әрі тегін ұсынбақшы екен. 

Леонардо да Винчидің туындысы үш өлшемді принтер арқылы 3D форматқа өткен тұңғыш картина болып отыр. Қазіргі уақытта компания Мона Лизаның қол іздерін демеушілерге сатып жатыр, себебі олар түскен қаражатқа қалған атақты туындыларды үш өлшемді форматқа ауыстыруға арнайды. Жоба краудфандинг жолымен 30 мыңға жуық қаражат тауып үлгерді. 

"Мона Лиза" картинасы 1503-1506 жылдары салынған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети