Мұғалімнің сабақ үстіндегі әрекеті Интернет қолданушыларының наразылығын туғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұғалімнің сабақ үстіндегі әрекеті Интернет қолданушыларының наразылығын туғызды © Youtube.com

Мектепте түсірілген кезекті видео Интернетте қызу талқыланып жатыр. Қолданушыладың бірі YouTube сайтына Шымкенттегі мектептердің бірінде түсірілген "2+2=5 деп айтқан кезде" атты видео жүктеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектепте түсірілген кезекті видео Интернетте қызу талқыланып жатыр. Қолданушыладың бірі YouTube сайтына Шымкенттегі мектептердің бірінде түсірілген "2+2=5 деп айтқан кезде" атты видео жүктеді.

Кадрдан видеоның алгебра пәнінде түсірілгенін байқауға болады. Оқушылардың бірі тақтаның алдында тұрып цифрлар жазып жатыр. Оған мұғалім бүктелген қағаз лақтырып, оқушыны алақанымен ұрып жібереді. "Көбейтуді білмесең 11-ші сыныпта не істеп жүрсің?", - деп айқайлады ол.

Видеоға пікір білдірушілердің көзқарасы екіге жарылды. Кейбірі мұғалімнің ісіне қапа болып, "мұндайларға мектепте орын жоқ" деп жатыр. Ал басқалары болса 11-ші сыныпта көбейтуді білмеген оқушыларға кез келген мұғалімнің ашуланатынын айтты.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети