09 қыркүйек 2018 10:00

Мұхит түбінен Жер бетінде жоқ техниканың іздері табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© National Oceanography Centre © National Oceanography Centre

Мексика мен Гавайи аралығында Тынық мұхитының төрт шақырымдық түбінен өзгеше іздер табылды, кей ғалымдардың ойынша, оларды беймәлім ұшқыш нысандар (НЛО) қалдырған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ұзындығы екі жарым метрге, тереңдігі 30 сантиметрге жететін іздер Саутгемптондағы Ұлттық мұхиттану орталығының ұлыбританиялық ғалымдары жіберген роботтардың көмегімен табылды. Ғалымдардың мәлімдеуінше, тау жұмыстары немесе ғылыми операциялардың жүргізілуі мүмкін емес, сондай-ақ, ол іздерді балықтар немесе су астындағы жануарлар қалдырғанға ұқсамайды, себебі олар тым үлкен.

Зерттеушілердің бірі, доктор Ли Марштың айтуынша, ол іздерді киттер қалдырған, бірақ олар мұндай тереңдікте өте сирек жүреді. 

Ал өзге сарапшылар бұл іздер жер бетінде жоқ техниканың іздері, деп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети