Мысыр археологтары төрт мың жылдық тарихы бар мазарды тапты. Ол Гиза пирамидасының маңында орналасқан болып шықты. Бұл туралы Phys.org сайтында айтылады, - деп жазады Lenta.ru.
Мысыр археологтары төрт мың жылдық тарихы бар мазарды тапты. Ол Гиза пирамидасының маңында орналасқан болып шықты. Бұл туралы Phys.org сайтында айтылады, - деп жазады Lenta.ru.
Басылымның мәліметінше, мазар Хетпет есімді әйелге тиесілі. Мазардың қабырғалары саз кірпіштен жасалған және онда түрлі жазулар бар. Кейбір суреттерде Хетпеттің өзі бейнеленген екен. Тағы бір суреттерде жеміс-жидек жинауға дағдыланып, билеп жүрген маймылдарды көруге болады.
© phys.org
Сондай-ақ, археологтардың айтуынша, Гиза пирамидасының батыс бөлігінде Хетпеттің тағы бір мазары бар. Зерттеушілер қазіргі уақытта онда қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.
© phys.org