NASA Айдың толық тұтылуын тікелей эфирде көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

NASA Айдың толық тұтылуын тікелей эфирде көрсетеді Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Американың NASA ғарыш агенттігі Айдың толық тұтылғанын тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Американың NASA ғарыш агенттігі Айдың толық тұтылғанын тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Онлайн-трансляция Астана уақыты бойынша сағат 14.00-де басталады. Айдың толық тұтылуы біржарым сағатқа жуық уақытқа созылады, Айдың беті бір сағаттай уақыт бойы толық тұмшаланып тұрады. 

Бұл құбылысты Солтүстік және Оңтүстік Американың, Австралияның, Жаңа Зеландияның, Жапонияның және Шығыс Азияның бірқатар ауданының тұрғындары бақылай алады. 

Ғалымдардың айтуынша, толық тұтылған кезде Ай қызыл түске боялады, себебі оған Жер бетін жанама сызықпен бойлай өтетін Күн сәулелері жетеді. 

Бұл тұтылу - 2014 жылдың 15 сәуірінен 2015 жылдың 28 қыркүйегіне дейінгі салыстырмалы қысқа кезеңде Айдың бірінен соң бірі болатын төрт толық тұтылуының екіншісі. Айдың келесі толық тұтылуы 2015 жылдың 4 сәуірінде болады. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети