Hubble ғарыш телескобы Шіріген жұмыртқа тұмандығында орналасқан гауһар "жұлдыздың өлімін" көрсетті, деп хабарлайды Lenta.ru агенттіктің сайтындағы суретті жариялап.
Суретте сөну үстіндегі OH231.8+4.2 қызыл алыбы көрінеді. Оның қабығы ашылып жатыр. Шіріген жұмыртқа тұмандығы Жерден бес мыңнан аса жарық жылы қашықтығындағы Корма шоқжұлдызында орналасқан. Оның құрамында күкірт көп, сондықтан осындау атау алған.
Фото: ESA / Hubble & NASA, Acknowledgement: Judy Schmidt
Hubble телескобы ғарышқа Discovery шаттлы арқылы 1990 жылдың 24 сәуірінде ұшырылған. Келесі күні обсерватория жер айналасындағы төменгі есептік орбитаға шығып, жұмысын бастаған. Hubble салмағы - 11 тоннаға жуық.
Ол 2030 жылдан кейін ғана орбитадан шығып қалады деп күтіледі. Обсерватория ғарышты сәулелелу диапазонында ашық, инфрақызыл және инфракүлгін түрінде зерттей алады.