19 сәуір 2021 18:10

NASA Марста алғашқы тікұшақты сәтті ұшырды

Марста Ingenuity ұшқышсыз тікұшағының алғашқы ұшуы сәтті өтті. Бұл туралы Twitter-парақшасында АҚШ-тың аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тікұшақ 20 секундқа шамамен үш метр биікке көтерілген. Ұшу кезінде Perseverance зерттеу аппараты тікұшақтан түсірілген суреттер мен мәліметтерді жерге жіберді.

Реклама
Реклама

Келесі ұшу барысында тікұшақты бес метрге дейін көтеру жоспарланған.

Ingenuity жұмысы 31 күнге есептелген. Марста ұшу кезінде ол аэрофототүсіру жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, 18 ақпанда Ingenuity тікұшағы Perseverance-пен бірге Қызыл планетаның бетіне сәтті қонды. Кейінірек NASA планетаның алғашқы суреттері мен Марстың түрлі-түсті панорамасын жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram