Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғылым-Бiлiм

NASA Марстың түрлі-түсті суреттерін жариялады 20 ақпан 2021, 16:17

NASA Twitter-де америкалық Perseverance зерттеу аппараты түсірген Марстағы суреттерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© NASA / Perseverance Mars Rover © NASA / Perseverance Mars Rover

NASA Twitter-де америкалық Perseverance зерттеу аппараты түсірген Марстағы суреттерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Кадрлардың бірінде Қызыл планетаның беті түсірілген, ал екіншісінде оның көкжигі көрінеді. Үшінші кадрда ровердің өзі.

Суреттерді 19 ақпанға қараған түні Марсқа қонған NASA's Perseverance Mars Rover зерттеу аппараты түсірген. 

Perseverance құрылғысы 18 ақпанда Марста Езеро (Jezero) маңына қонды. Негізі Mars 2020-ның ровермен миссиясы былтыр шілдеде жерден басталған. NASA тарихындағы бесінші ровер Қызыл планетаның құрылымы мен геологиясын зерттеуге арналған жеті ғылыми құралмен жабдықталған.

Бұл зерттеудің негізгі міндеті - Марс топырағының үлгілерін алу, ол болашақта жерге жеткізілуі мүмкін. Perseverance бортында Марс атмосферасынан оттегі алуға арналған эксперимент құрылғы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram