NASA Сатурнның тұшпараға ұқсайтын серігінің суреттерін жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© kiri2l © kiri2l

Сатурнды айналып жүрген "Кассини" ғарыш зонды ғаламшардың тағамға ұқсас серігін суретке түсіріп алды. Суреттер NASA сайтында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сатурнды айналып жүрген "Кассини" ғарыш зонды ғаламшардың тағамға ұқсас серігін суретке түсіріп алды. Суреттер NASA сайтында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

Сатурн серігіне Пан атауы берілген. БАҚ өкілдері Пан серігінің пішінін қатырылған равиоли және тұшпараға ұқсатты. "Оның дөңгелек равиолиға ұқсау себебі белгісіз, радиобелсенді бөлшектер әсерінен болуы мүмкін", - деп жазыты Business Insider басылымы.

"Кассини" зондының ғарышта ұшып жүргеніне 20 жыл болды, ал 2016 жылы оны Сатурн сақинасын зерттеуге пайдаланған. Құрылғы әр жеті күн сайын сақиналардың зерттелмеген тұсына жақын келеді. 

NASA мәліметі бойынша, ғарыш аппаратының жанармайы таусылуға жақын, осы себепті келесі жылы ол қызметін тоқтатады.

Ғалымдар есебі бойынша, 2017 жылдың 15 қыркүйегінде зонд Сатурн атмосферасына кіріп, сол жерде жойылады. Осылайша, ғалымдар тіршілік бар болуы мүмкін ғаламшарларды аппарат сынықтарының құлауынан сақтап қалмақ. 

"Кассини" зонды NASA, Еуропалық және Италия ғарыш агенттіктерінің біріккен жобасы. Ол 1997 жылы ғарышқа ұшырылып, 2004 жылы Сатурнға жақындаған. Содан бері 12 жыл аппарат Сатурнды, оның сақиналары мен айларын зерттеуге пайдаланылып келді. "Кассини" арқылы бірқатар ғылыми жаңалықтар ашылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro