Назарбаев Астанадағы жаңа мектепке барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Астанадағы жаңа мектепке барды © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңа мектепте болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңа мектепте болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

№ 84 мектеп-лицейі 1 қыркүйекте ашылады. Бүгін Қазақстан Президенті мектепте болып, мұғалімдермен және оқушылармен сөйлесті.

Мектептің құрылысы 2015 жылы жазда басталған. Білім беру мекемесі 1200 орынға арналған және 48 кабинетті қамтыған. Жаңа мектеп екі ауысыммен жұмыс істейді. Оқыту жұмыстары қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін 8-сыныптан бастап "Робот техника" факультатив курсы енгізілген. Сондай-ақ арткәсібі, кинокәсібі және шағын кәсіптің курстары енгізілген. 

Басқа да негізгі пәндерді қоса отырып, 5-сыныптан бастап араб тілі енгізілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети