Назарбаев Университетінде Нобель сыйлығының лауреаты жұмыс істейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Джордж Смут. Фото elvis-sousa.blogpost.com Джордж Смут. Фото elvis-sousa.blogpost.com

Әлемге әйгілі ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут Назарбаев Университетіне зерттеу жұмыстарына шақырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлемге әйгілі ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут Назарбаев Университетіне зерттеу жұмыстарына шақырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің зерттеу орталықтары мен NURIS пилоттық технопаркін аралап көрді. Нысанды аралау барысында Президент елеулі жетістіктермен және университетте жүзеге асырылып жатқан ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерімен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми қызметкерлердің атқарған жұмысына жоғары баға берді. Қазақстан Президенті сондай-ақ NURIS және Өмір туралы ғылымдар орталығы ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері еліміздің игілігіне, оның дамуы мен халқын сауықтыру үшін тиімді пайдаланылуы тиіс екенін атап өтті.

Университет базасында үш ғылыми орталық құрылған: Энергетикалық зерттеулер орталығы, Пәнаралық орталық және Өмір туралы ғылымдар орталығы, оларда мектеп профессорлары және 160-тан астам ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Олардың көпшілігі шетелдік үздік университеттерде білім алған. Арасында халықаралық деңгейдегі жетекші ғалымдар мен шет елдерден оралған қазақстандық зерттеушілер де бар.

"Ғылыми орталықтарда энергетика, машина жасау, шикізатты терең өңдеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылым сияқты ел үшін басымдығы бар бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі. Мәселен, болашақтың энергиясын дамыту жобалары үшін әлемге әйгілі ғалым-астрофизик, космолог, Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут шақырылған", - делінген баспасөз парағында.

Университеттің ғылыми орталықтары өз бағдарламаларын АҚШ-тың, Еуропаның, Жапонияның танымал ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықта жүзеге асырады. Университетте барлығы 170 ғылыми және техникалық жоба іске асырылып жатыр, оларға студенттер де белсене қатысады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro