25 наурыз 2016 12:19

Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстан бес күндік оқу аптасына көшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстан бес күндік оқу аптасына көшеді. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтып берді.


Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстан бес күндік оқу аптасына көшеді. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтып берді.

"Қазір біз тапсырманы орындап жатырмыз, сондықтан да сіздерге бұл жөнінде кейін толығырақ айтып береміз. Менің ойымша, бұл дұрыс тапсырма. Дайындыққа көп уақыт кетеді деп ойламаймын. Алдағы айда бірдеңе белгілі болып қалуы мүмкін. Менің ойымша, мұндай жүйеге көшуге 3-4 жыл уақыт керек. Президент тапсырма берді, сондықтан да өзгерісті күту керек", - деді Сағадиев.

Айта кетейік, Назарбаев бұған дейін мектептерде бес күндік оқу стандартын енгізу мәселесін талқылауды тапсырған болатын. "Дамыған елдердің мектептерінде бескүндік оқу аптасы енгізілген. Бұл баланың қайтадан қалпына келіп, педагогтың демалып, сабаққа дайындалуына мүмкіндік береді. Олардың кейбірінде, тіпті, сабақ аптасына төрт күн ғана болады. Мұндай форматқа өту - дамыған елдерге ортақ тренд", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети