Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақ болмайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылы 20 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сыныптары оқушылары үшін және 1-2 курс колледж студенттері үшін сабақ болмайды", - делінген хабарламада.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайында 32 рейс кейінгі шегерілді. Республиканың көптеген аймақтарында қатты боран соғып жатыр. Кешеден бері тасжолдар жабылып жатыр.