Оқушыларға мереке мен демалыс күндеріне үй тапсырмасы берілмеуі керек - БҒМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқушыларға мереке мен демалыс күндеріне үй тапсырмасы берілмеуі керек - БҒМ Иллюстрациялық сурет. © Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Қарынова оқушыларға түсетін жүктеменің қалай жеңілдетілетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Қарынова оқушыларға түсетін жүктеменің қалай жеңілдетілетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"БҒМ бұйрығы бойынша, бүгін оқушылардың үй тапсырмасы 150 минуттан аспайтын болды. Сонымен қатар, демалыс күндері мен мереке күндеріне көркем мәтіндер мен ғылыми жобаларды орындаудан өзге үй тапсырмасы берілмейді", - дейді департамент басшысы үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігінің "Үй тапсырмаларын реттеу туралы" заңы 2017 жылы қабылданған болатын.

"Қазіргі таңда үй тапсырмаларының үштен бір бөлігі қысқарған. Құжат іс жүзінде, биылғы оқу жылының 1 қыркүйегінен бұл жұмыс норматив деңгейде. Бұл мәселелер педагогикалық ортада қызу талқыланып жатыр, ақпарат қала және аудандардың білім басқармаларына таратылды. Бұл заң лайықты деңгейде жұмыс істеуі керек. Қазір оқушыларға жалпылай жүктемені жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Санитарлық талаптарға 5 жұмыс күніне сыятындай нормалар енгізілді", - дейді Қарынова. 

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында оқушылардан жүктемені алып тастауды тапсырған болатын. 

"ТМД елдері арасында оқушыларға салынатын жүктеме бізде ең жоғарғы және ЭЫДҰ елдеріндегіден үштен бір есе артық екенін ескере отырып, оларды азайту керек", - деген еді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети