10 қараша 2021 11:01

Пандемияға байланысты мұхитта 25 мың тоннадан аса қоқыс пайда болды - ғалымдар

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: Тengrinews.kz Иллюстрация: Тengrinews.kz

Мұхиттарда коронавирусқа байланысты 25 мың тоннадан аса жеке қорғаныс құралдары мен басқа да пластикалық қоқыстар пайда болды. Бұл туралы Наньян университетінің Имин Пан бастаған ғалымдары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mir24.tv сайтына сілтеме жасап. 


Мұхиттарда коронавирусқа байланысты 25 мың тоннадан аса жеке қорғаныс құралдары мен басқа да пластикалық қоқыстар пайда болды. Бұл туралы Наньян университетінің Имин Пан бастаған ғалымдары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mir24.tv сайтына сілтеме жасап. 

Қытайлық мамандар компьютерлік модельдеу арқылы судағы пластикалық қоқыстың таралуын анықтады. Ғалымдар зерттеу нәтижелерін Proceedings of the National Academy of Sciences журналына жариялады.

Ғалымдар коронавирусқа байланысты жиналған қоқыс туралы зерттеуге 193 елдің дерегін негізге алды, бұл қатарда медициналық маскалар, қолғаптар және басқа да жеке қорғаныс құралдары, сынақ жиынтықтары, ауруханалардың қалдықтары бар.

"Пандемия басталғаннан бері 2021 жылдың тамызына дейін әлемде 8,4 миллион тонна осындай қоқыс шығарылғаны белгілі болды. Модельдеу нәтижесі қазірдің өзінде 25 мың тонна мұхиттарда екенін көрсетті. Қоқыс бірден мұхитқа тасталмайды, ол өзендер арқылы келеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл ең алдымен Азиядағы өзендерге қатысты (Янцзы, Инд және Хуанхэ). Бұл аудандарда халықтың тығыздығы өте жоғары және қалдықтарды өңдеудің қатаң экологиялық нормалары жоқ", - делінген зерттеуде.

Бұған дейін ғалымдар коронавирусты емдеуге көмектесетін өсімдік тапқан. Clinical and Experimental Pharmacology and PhysiologyСолтүстік журналы Африка мен Батыс Азияда өсетін Nigella sativa өсімдігін COVID-19-ды емдеу үшін қолдануға болатынын жазды. Оның құрамында тимохинон бар, ол коронавирустың S ақуызымен байланысып, өкпе инфекциясының дамуына кедергі келтіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети