Павлодар облысында мектеп мұғалімі асық ойнауға арналған үстел жасап шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында мектеп мұғалімі асық ойнауға арналған үстел жасап шығарды © Pavlodarnews.kz

Павлодар облысы Качир ауданында мектеп мұғалімі асық ойнауға арналған үстел ойлап тапты, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы Качир ауданында мектеп мұғалімі асық ойнауға арналған үстел ойлап тапты, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Идея авторы Берік Әбдірахмановтың айтуынша, үстелдің диаметрі - 1 метр. "Мектебімізде тоғызқұмалақ үйірмесі бар, онда тоғызқұмалақпен бірге дойбы, шахмат және асық ойындары үйретіледі. Әр ойынның арнайы үстелі бар, ал асық ойнайтын жиһаз жоқ. Сондықтан арнайы үстелді жасауға бел будым", - дейді Әбдірахманов.


© Pavlodarnews.kz

Трофимовка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек ететін Берік Әбдірахмановтың айтуынша, бұл асық ойнайтын үстелдің үшінші түрі. "Бірінші түрі төрт бұрышты болған еді, кейін оны сегізбұрышты етіп жасадым. Алайда шеңбер болғаны ыңғайлы деген тұжырымға келдім. Алдағы уақытта мұны да түрлендіруді ойлап отырмын. Себебі ұтып алған асықтарды орналастыратын арнайы орын жоқ. Үстел "Ханталапай" ойынына арналған", - деп атап өтті автор.


© Pavlodarnews.kz

37 жастағы шебер келешекте қазақтың ұлттық ойыны - "Сақаны" үйірмеге енгізуді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, далада өткізілетін ойынға арнайы орын да белгіленіп қойыпты. Сонымен қатар, мұғалім түрлі асық ойынынан мектепішілік біріншіліктер өткізіп, оның кубогын да өзі жасайды екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети