Перуде құрбандыққа шалынған 56 баланың сүйегі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перуде құрбандыққа шалынған 56 баланың сүйегі табылды REUTERS/Douglas Juarez©

Перуде көне діни ғұрып кезінде құрбандыққа шалынған 56 баланың сүйектері табылды, - деп хабалайды РИА Нововсти порталы Comercio басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перуде көне діни ғұрып кезінде құрбандыққа шалынған 56 баланың сүйектері табылды, - деп хабалайды РИА Нововсти порталы Comercio басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, сүйектер Ла-Либертад аймағының Трухильо провинциясында мамырдың басында табылған. Адам сүйектерінен бөлек мамандар мұнан 30 шақты лама төлдерінің сүйектерін тапқан. Олар да құрбандыққа шалынған. 

Археологтардың сөзінше, бұл көне зиратқа 600 жыл болған. Табиғат апаттарынан сақтану үшін балаларды пұт құдайлардың құрметіне құрбандыққа шалған. 

Чиму мәдениеті 1250 және 1470 жылдар аралығында қазіргі Пеудің солтүстігінде дәуірлеген еді. Жойылып кеткенге дейін Чиму патшалығы бірнеше кішірек мәдениеттерді қосып алу арқылы кеңейе берген. Алайда ең соңында оларды инкілер жаулап алған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети