12 қаңтар 2016 09:36

Плутонның суретінен ерекше нысан байқалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© NASA © NASA

NASA зерттеушілері Плутонның суретінен ұлуға ұқсас ерекше нысанды байқап қалды. Айта кетейік, сурет New Horizons аппаратымен түсірілген.


NASA зерттеушілері Плутонның суретінен ұлуға ұқсас ерекше нысанды байқап қалды. Айта кетейік, сурет New Horizons аппаратымен түсірілген.

Суретте Плутонның "жүрегі" саналатын Томбо бейнеленген. Бұл аймақтың ұзындығы шамамен 1590 шақырым болады.

Ғалымдардың айтуынша, нысанның ерекше формасын "конвекция" теориясымен түсіндіруге болады. Яғни, азотты мұзда конвекция процесі жүрген. Осы процестен азотты ұяшықтар үнемі пайда болып, кейде бір-бірімен қосылып кетеді. Осы процестер кейде миллиондаған жылға созылады. Болжам бойынша, жұмбақ нысан конвекциялық бірнеше ұяшықтың қосылуынан пайда болған.


© NASA

Naked Science мәліметінше, Плутондағы нысанның суреті Жерге 24 желтоқсанда - сурет түсірілгеннен соң 5 айдан кейін берілген.

Жиналған ақпараттардың көп болғаны соншалық, олар Жерге 2016 жылдың жазына дейін берілуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети