10 наурыз 2018 10:49

Польша ЖОО-лары Қазақстан азаматтарына оқу гранттарын ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bolashak.gov.kz © bolashak.gov.kz

Польша университеттері Қазақстан азаматтарына оқу гранттарын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап.


Польша университеттері Қазақстан азаматтарына оқу гранттарын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың хабарлауынша, 11 қазақстандық Польшада тегін оқи алады.

"Польша Үкіметі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы 2016 жылғы 3 маусымдағы № 328 келісім шеңберінде поляк тілін бір жыл оқуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына бакалавриат (3 орын), магистратура (4 орын) және докторантура (4 орын) бағдарламалары бойынша гранттарды ұсынуда", - делінген хабарламада.

Келісім шеңберінде оқу тегін, сонымен қатар, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұру мүмкіндігі бар (шамамен 80-150 еуро). Сондай-ақ, докторантура бағдарламасы студенттеріне арналған стипендия (шамамен 300 еуро) ұсынылады. Польша жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқып жүрген ҚР азаматтары шығындарды өз қаражаты есебінен өтейді.

Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімі www.nawa.gov.pl сайтында орналасқан.

Гранттарды алу үшін қажетті құжаттардың тізімі мен талаптарды мына жерде көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети