06 қыркүйек 2016 | 11:57

QazaqGeo экспедициясы Торғай геоглифтерін зерттейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 -15 қыркүйек аралығында QazaqGeo Қазақстандық ұлттық географиялық қоғымының Торғай геоглифтеріне барлау экспедициясы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы экспедиция арқылы QazaqGeo Солтүстік Қазақстанда жаңа күзетілетін объектіні құру бойынша тұтас жобалар сериясын іске қосуды жоспарлап отыр.


Иконка комментария блок соц сети

10 -15 қыркүйек аралығында QazaqGeo Қазақстандық ұлттық географиялық қоғымының Торғай геоглифтеріне барлау экспедициясы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы экспедиция арқылы QazaqGeo Солтүстік Қазақстанда жаңа күзетілетін объектіні құру бойынша тұтас жобалар сериясын іске қосуды жоспарлап отыр.

Жұмыстың негізгі мақсаты - бұл геоглифтерді зерттеу және олардың бұзылуына жол бермеу үшін оларды күзетілетін объектілер тізіміне енгізу. Торғай геоглифтеріне жасалатын алдағы тұрған экспедиция - алдын ала тексеру жасау (барлау). Экспедиция аясында келесі жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр екен: объектілердің GPS-координаттарын анықтау, оларды лазерлік сканерлеу, квадракоптерден суретке түсіру, топотүсірілім және алдын ала археологиялық бағалау. Ары қарай QazaqGeo оларды күзетілетін тарихи объектілер тізіміне енгізу үшін қадамдар жасайтын болады. Кейіннен геоглифтер ЮНЕСКО-ның дүние жүзілік мұралары тізіміне енгізілуі мүмкін.

Экспедицияның қатысушылары: археологтар, гидрогеологтар, туризм саласындағы сарапшылар, GPSмамандар, топотүсірілім саласындағы мамандар, сонымен қатар, "Алаш Медиа Групп" холдингінің фотографтары, операторлары, журналистері - Tengrinews.kz және Massaget.kz басылымдары.

Маршруттың ұзындығы: шамамен 2300 шақырым. Экспедиция Астанадан бастау алады. Ары қарай маршрут келесідей жолмен жүреді: Атбасар - Державинск - Арқалық - Үштоғай төрттағаны - Қоғай кресті - Үрпек кентіндегі Үш сәулелі Свастика - Қаракенгір ауылына жақын жатқан Үлкен Жыланшық өзені алқабындағы болжалды метеориттік кратер - Ақжар таулары - Қорғасын ауылы. Экспедицияның 5-ші күні Қорғалжын ауылына жақын Тенгіз жиегін бойлай Астанаға оралу. Төрт түнеу орындары белгіленуде: Державинскіге жақын, Қоғай кресті, метеориттік кратердің жанында, Қорғалжын қорығынан батысқа қарай.

Торғай геоглифтерін 2007 жылы әуесқой археолог Дмитрий Дей тапқан. Бұдан кейін бірнеше рет әуесқой және ғылыми эеспедициялар ұйымдастырылған, бұл экспедициялар осы объектілердің бар екендігін және олардың шығу тегінің көнелігін растады. Бүгінгі таңда Қостанай облысының аумағында орналасқан геоглифтердің бірнеше түрі белгілі: төрттаған (Үштоғай төрттағаны), свастика (Торғай свастикасы), крест (Қоғай кресті), сақина, сызықтар және басқалар. Ғалымдардың сөздері бойынша - бұл орасан туристік потенциалға ие, Перудегі Наска және британдық Стоунхендж геоглифтерінен кем емес, сирек ұшырасатын объектілер. Әлемде геоглифтері бар 12 ел ғана бар. Қазіргі уақытта Торғай геоглифтерінің бұзылу қаупі төніп тұр.

ҚР премьер-министрінің бастамасы мен қолдауымен 2013 жылғы қазан айында құрылған QazaqGeo, бес басым бағытта жұмыс атқаруда: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биоәртүрлілік; туризм, саяхаттар, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. QazaqGeo-нің бүкіл Қазақстан бойынша 11 өңірлік өкілдігі бар.

QazaqGeo Еуразиялық топ (ERG), "Востокцветмет" ЖШС, "Корпорация Казахмыс" ЖШС сияқты компаниялардың демеушілік қолдауымен жобаларын жүзеге асыруда.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети