Қазақстан мектептерінде жазу мен ҰБТ-ға дайындалуды ғана үйретеді - ҚР БҒМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мектептерінде жазу мен ҰБТ-ға дайындалуды ғана үйретеді - ҚР БҒМ ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мектептерінде жазу мен ҰБТ-ға дайындалуды ғана үйретеді. Мұндай пікірді Бас прокуратурадағы қоғамдық кеңесте ҚР БҒМ Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаментінің басқарма басшысы Бану Нарбекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мектептерінде жазу мен ҰБТ-ға дайындалуды ғана үйретеді. Мұндай пікірді Бас прокуратурадағы қоғамдық кеңесте ҚР БҒМ Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаментінің басқарма басшысы Бану Нарбекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ең болмағанда жоғары оқу орындары тәжірибеге шыққан студенттердің шын мәнінде бағыты айқын болуы үшін және келіп, бірден сараптамалық анықтамалар жаза бастауы үшін өздерінің қандай құзырды қалыптастыруы қажет екенін түсіну керек. Алайда бұл біздің болашағымыз. Себебі бұл жүйелі мәселе. Біз жоғары оқу орындарына өте әлсіз оқушыларды қабылдап жатырмыз, олар жазу мен ҰБТ-ға дайындалуды ғана біледі. Бүгінде ҰБТ-ға деген қарым-қатынастың өзі және парадигмасы өзгеріп жатыр. Және оны өзгертеміз", - деп пікірін білдірді Нарбекова Қоғамдық кеңесте.

Нарбекова Назарбаев зияткерлік мектептерінің жағдайды өзгертетініне үміттенетінін айтты. 

"Қазіргі уақытта Назарбаев зияткерлік мектептерінің орта білім беруде модельдейтін және өзгертіп отырған мазмұны бакалавриаттан бастап сыншыл ойлана алатын және сараптамалық анықтамалар жаза алатын өте сапалы студенттерді, талапкердерді алып келеді деп үміттенеміз. Олар шығып, сіздерге барғанда (құқық қорғау құрылымдарына. - Авт.) шын мәнінде бакалаврларға арналған дискриторлардың дағдысын игереді, алайда олар өз дағдыларын ары қарай магистратурада дамыта беруі керек. Ал содан кейін PhD докторантура, онда олар идеялар шығарады", - деді басқарма басшысы.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети