Қазақстанда ҰБТ-2015 аяқталды: Оқушылардың үлгерімі өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ҰБТ-2015 аяқталды: Оқушылардың үлгерімі өсті ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасында Ұлттық Бірыңғай тестілеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасында Ұлттық Бірыңғай тестілеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2 маусым мен 8 маусым аралығында өткізілген ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл - 79,4, яғни 2014 жылмен салыстырғанда (76,9) 2,5%-ға жоғары. Сондай-ақ, ведомство өкілдерінің хабарлауынша, биыл 100 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар саны 2,4 пайызға өсті, олардың саны 14 420 (17,4 пайыз) болды, ал 2014 жылы 13 137 (15 пайыз) оқушы ғана бұл көрсеткіштен асқан еді.

"50 балдық шеткі деңгейлік балды жинаған түлектер саны 4,5 пайызға көбейді, яғни 67 497 оқушы (81,4 пайыз), ал 2014 жылы олардың саны 67357 (76,9 пайыз) болды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балды 5 оқушы алды: Ердосова Гульназ Жандоскызы - Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі; Мустафина Риана Еркінқызы - Астана қаласы №59 мектеп-лицейі; Самат Сымбат Куанышқызы - БҚО Теректі ауданың "Үміт" лингвистика гимназиясының түлегі және Лаура Абдазимова - ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі; Яковлева Анастасия Владимировна - Алматы қаласы №90 лицейі. 2014 жылы ең жоғары балды төрт түлек алған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети