Қазақстандық оқушылар бағдарлама жасаудан өткен Бүкілресейлік олимпиадада жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық оқушылар бағдарлама жасаудан өткен Бүкілресейлік олимпиадада жеңіске жетті © vk.com/neercnews

Қазақстандық мектеп оқушылары бағдарлама жасаудан 17-ші Бүкілресейлік командалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мектеп оқушылары бағдарлама жасаудан 17-ші Бүкілресейлік командалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама жасаушылардан құралған "Алматы + Астана, КТЛ #1" командасы 200-ден аса бәсекелесінен озып шықты. Турнирдің кестесіне сәйкес, Санжар Бидайбек, Асхат Жалғасов пен Нұрбақыт Мадибек берілген 11 тапсырманың тоғызын шеше алды. Осылайша қазақстандық мектеп оқушылары 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. 2-орынды "Интеллектуал + СУНЦ МГУ: Вова спит дома" (Мәскеу) командасы иеленсе, 3-орынды "Бағдарлама жасаушылар мектебі #1" (Мытищи) алды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы білім-инновация лицейінің оқушылары әлемдік IT-қауымдастықтың тізіміне енген болатын.Әлемнің миллионнан аса бағдарлама жасаушысын біріктіретін HackerRank платформасы университеттердің кодтау бойынша мамандандырылған бағдарлама жасаушыларын дайындаудағы деңгейін анықтап, жоғары оқу орындарының рейтингін жасаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети