Қызылжарлық оқушылар домбыра үнін жетілдірмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылжарлық оқушылар домбыра үнін жетілдірмек Суретте Аманбол Найман

Қызылжарлық оқушылар домбыра үнін жетілдірмек. Олар домбыраның қақпағын ағаштан емес, пластиктен жасауды ұсынып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бұл жай ғана айта салған әңгіме емес, білдей бір ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі. Аманбол Найман мен Дәурен Болатов есімді оқушылардың бұл жаңалығы Мәскеуде өткен халықаралық ғылыми жобалар байқауында үздік танылып, бірінші орынға ие болды. Өрендер домбыраның беймәлім қырын ашты десе де болады. Қызылжар қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Аманбол Найман мен Мағжан Жұмабаев атындағы колледж жанындағы лицейдің оқушысы Дәурен Болатов домбыра қақпағының физикалық және геометриялық ерекшелігіне байланысты дауыс толқынының өзгеруін зерттеген. Жас ғалымдар егер ағаш қақпақты пластмассаға ауыстырса, домбыраның дауысы тұнық әрі қатты шығатынын анықтаған. Балалар өз жобаларын Ресей мен Қазақстан ғалымдарының алдында қорғады. Мәскеуде өткен зияткерлік сайыстың қос жеңімпазы Қазақстанның кез келген оқу орнында тегін білім алу құқығына ие болады. Айтуларынша, ғылыми жобаны жазуға жарты жыл уақыт кетіпті. Аманбол келешекте зерттеу жұмысын одан әрі жалғастыруды көздеп отыр. Дәурен де өз болашағын физика ғылымымен байланыстырғысы келеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети