Фото ©РИА НОВОСТИ
Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділов техникалық білім берудің негізгі мәселесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның сөзіне қарағанда, техникалық терминдердің барлығын аударудың қажет жоқ. Себебі барлық сөздерді жаппай аудару үрдісі студент-жастардың біліміне кері әсерін тигізеді. "Мәселен, бізде балалардың 70 пайызы қазақ тілінде білім алады. Бірақ әлі күнге дейін техникалық мамандықтар бойынша терминдердің бірізділігі сақталмайды. Былайша айтқанда, нақты бір жүйе жоқ. Шығыс жақ өздігінше аударса, Батыста мүлдем басқаша тәржімалайды. Біздің де аудармамыз бір бөлек. Содан мемлекеттік емтихан немесе аттестация кезінде біздің студенттер көп сұрақтарды түсінбей жатады. Жұмысқа тұрғанда да, сол мәселеге тап болады. Балалар шетелдік компанияларға барған кезде мамандардың сұрақтарына жауап бере алмайды. Ал сызып берсең, барлығын айтып береді. Сондағы менеджерлер айтады, бәрін бірдей аударудың қажеті жоқ. Олардың айтуынша, терминдер бір тілде болуы керек. Сонда ғана оқуда да, қызметте те оңай болады", - дейді Ж.Әділов. Ректор атап көрсеткендей, бүгінде техникалық мамандықтар бойынша қазақ тілінде жазылатын оқулықтар аз. Жалпы, қазіргі кезде елімізде инженер-техник мамандарды даярлау көрсеткіші тым төмен болып тұр. Мәселен, АҚШ-та техника мен технология саласы бойынша білім алып жатқан мамандардың саны 24 пайыз болса, Еуропалық одақта - 26 пайыз, Қытайда – 32 пайыз, ал Үндістан мен Ресейде – 31 пайыз болып тұр. Қазақстанда болса, аталған көрсеткіш тек 18,6 пайызды ғана құрап отыр.
Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділов техникалық білім берудің негізгі мәселесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның сөзіне қарағанда, техникалық терминдердің барлығын аударудың қажет жоқ. Себебі барлық сөздерді жаппай аудару үрдісі студент-жастардың біліміне кері әсерін тигізеді. "Мәселен, бізде балалардың 70 пайызы қазақ тілінде білім алады. Бірақ әлі күнге дейін техникалық мамандықтар бойынша терминдердің бірізділігі сақталмайды. Былайша айтқанда, нақты бір жүйе жоқ. Шығыс жақ өздігінше аударса, Батыста мүлдем басқаша тәржімалайды. Біздің де аудармамыз бір бөлек. Содан мемлекеттік емтихан немесе аттестация кезінде біздің студенттер көп сұрақтарды түсінбей жатады. Жұмысқа тұрғанда да, сол мәселеге тап болады. Балалар шетелдік компанияларға барған кезде мамандардың сұрақтарына жауап бере алмайды. Ал сызып берсең, барлығын айтып береді. Сондағы менеджерлер айтады, бәрін бірдей аударудың қажеті жоқ. Олардың айтуынша, терминдер бір тілде болуы керек. Сонда ғана оқуда да, қызметте те оңай болады", - дейді Ж.Әділов. Ректор атап көрсеткендей, бүгінде техникалық мамандықтар бойынша қазақ тілінде жазылатын оқулықтар аз.
Жалпы, қазіргі кезде елімізде инженер-техник мамандарды даярлау көрсеткіші тым төмен болып тұр. Мәселен, АҚШ-та техника мен технология саласы бойынша білім алып жатқан мамандардың саны 24 пайыз болса, Еуропалық одақта - 26 пайыз, Қытайда – 32 пайыз, ал Үндістан мен Ресейде – 31 пайыз болып тұр. Қазақстанда болса, аталған көрсеткіш тек 18,6 пайызды ғана құрап отыр.