10 қараша 2021 | 10:02

Ресейде COVID-19 жұқтырғандарды емдеу үшін антиденесі бар дәрі жасалып жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Тұрар Қазанғапов©

Гамалея эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге арналған антиденесі бар дәрі дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гамалея эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге арналған антиденесі бар дәрі дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Міне, коронавируспен ауыратын науқастарға дәрі ретінде беруге болатын антиденелер, қазір дамытып жатырмыз", - деді Гинцбург басылымға.

Сонымен қатар, жақында препаратты сынақтан өткізу басталатынын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Келесі жылдың қаңтарында клиникалық сынақтарға кірісеміз, үш-төрт ай ішінде клиникалық сынақтардан өтеміз деп үміттенемін", - деп түйіндеді сұхбаттасушы.
 

Бұған дейін РҒА цитология институты мен Санкт-Петербургтегі Пастер эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары қара бұрыш құрамындағы пиперин COVID-19 таралуын тежеуге қабілетті екенін анықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная