Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ресейде қазақ мектептері азайып бара жатыр деп алашапқын болуға болмайды - Әділ Ахметов

13 Маусым 2014, 13:45
0
Әділ Ахметов ©Аlashainasy.kz
Әділ Ахметов ©Аlashainasy.kz

Қоғам қайраткері Әділ Ахметов Ресейдегі қазақ мектептеріне Қазақстан тек оқулықпен көмектесе алатындығын атады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділ Ахметов Ресейде қазақ мектептерінің азайып бара жатқандығына қатысты сұраққа тура жауап берген жоқ. Ол Ресейдегі мектептерге тек оқулықпен ғана көмектесе алатынымызды атады.

"Ресейдегі білім саласында болып жатқан дүниеге ешкім қол сұқпайды. Ол олардың ішкі ісі. Ресей мен Қазақстан арасында аймақтық қарым-қатынастар өте жақсы дамып келе жатыр. Мысалы, Алтай өлкесіндегі мектептері жақсы деңгейде өркендеуде. Жыл сайын Қазақстан тарапымен кездесіп, оқулықтар алып отыр. Қазақ этностары тығыз орналасқан аймақтарда Қазақстаннан оқулық алуға ешқандай кедергі жоқ. Себебі, қазір Кедендік одақ жұмыс істеп тұр", - деді ол.

Қазақ мектептері азайып бара жатыр деген сауалға қатысты сауалға Ә.Ахметов ол ақпараттың қайдан шаққанын сұрады.

"Оған бірінші зерттеу жасалуы керек. Мен бұл сұрақты растамаймын. Бұл сұрақты Білім және ғылым министрлігіне жолдау керек", - деді Әділ Ахметов брифингте.

Мұндай мәселені өткен жолы Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков көтерген болатын. Алайда Әділ Ахметов бұл мәселені әуелі сараптау керек деп есептейді.

"Қазір білім саласында екі ел арасында жақсы байланыс бар. Ол жақтағылар бізге, бізден азаматтар ол жаққа барып оқи алады. Егер ол жақтан мектепке қатысты көмек сұрайтын болса, Қазақстан еш уақытта қол ұшын созбай қалмайды. Бұл мәселені түзеуге болады. Бірақ зерттеуді қажет етеді. Оны біреу солай айтты екен деп алашапқын болуға болмайды. Егер көмек көрсету керек болса оқулық жағынан жәрдемдесе аламыз. Мұғалімдеріне қазақ елінде біліктілігін арттыруға мүмкіндік беруіміз керек", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай