07 ақпан 2021 11:22

Ресейлік "Спутник V" КСРО кезеңінен бергі ғылыми жетістік деп аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-тың танымал Bloomberg басылымы ресейлік "Спутник V" вакцинасын КСРО кезінен бергі ең үлкен ғылыми жетістік деп атады, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-тың танымал Bloomberg басылымы ресейлік "Спутник V" вакцинасын КСРО кезінен бергі ең үлкен ғылыми жетістік деп атады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Журналистер мәліметінше, көптеген ел The Lancet беделді медициналық журналында "Спутник V"-нің жоғары тиімділігін растайтын клиникалық зерттеудің үшінші кезең нәтижесі жариялағаннан кейін препаратты алуға "кезекке тұрған".

Мақала авторлары пандемияны жеңу үшін жаһандық шайқаста "вакциналар жарысы" геосаяси маңызға ие болғанын атап өтті. Үкіметтер шектеу шаралары енгізілгеннен кейін үлкен әлеуметтік-экономикалық залалды жеңу жолдарын іздеді. Бұл ретте, Ресей ғалымдары сапалы вакцина жасай алатын санаулы елдің бірі ретінде артықшылыққа ие болды деп жазды хабарламада.

"Ресей кеңес дәуірінен бері өзінің ең үлкен ғылыми жетістігін жасады", - деп қорытындылады Bloomberg.

Осы аптада The Lancet журналы "Спутник V" сынағының үшінші кезең қорытындысын жариялады. Зерттеулер ресейлік вакцинасының жоғары қауіпсіздігі мен тиімділігін 91,6 пайыз деңгейінде растады. Сонымен қатар, Гамалея орталығының ғалымдары вакцина Сovid-19-дан толығымен қорғайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) "Спутник V" вакцинасының жоғары тиімділігі туралы түсініктеме берді.

Ресейдің "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинасын Қазақстанның бірнеше шенеунігі және көптеген дәрігер салдырды. Алайда вакцина елде әлі ресми тіркелмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети