22 қазан 2018 11:29

Ресейлік телешоуда қазақстандық қыз 35 секундта 18 бетті жылдамдыққа оқып шықты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адина Манатбекова. Видеодан алынған кадр Адина Манатбекова. Видеодан алынған кадр

Қазақстандық Адина Манатбекова "Россия 1" телеарнасындағы "Удивительные люди" бағдарламасының қазылар алқасын жылдамдыққа оқу қабілетімен таңғалдырды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық Адина Манатбекова "Россия 1" телеарнасындағы "Удивительные люди" бағдарламасының қазылар алқасын жылдамдыққа оқу қабілетімен таңғалдырды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қыз 35 секундта 18 бетті оқып үлгерген. Адина мәтінді тез оқып қана қоймай, оның мағынасын да түсіне алған. Қазақстандық қыздың айтуынша, 2016 жылы бір минутта 94 мың сөз оқып, рекорд орнатқан. Ал мәтіннің 90 пайызын түсінген. 

Адина Манатбекованың оқыған мәтінді қабылдау деңгейін тексеру үшін, телешоу ұйымдастырушылары түсірілім алаңында оған тәжірибе жасап көрді. "Волшебник Изумрудного города" шығармасынан үзінді алып, кейбір сөздерін ауыстырып тастады. Адина оқып болғаннан кейін, төрешілер қазақстандық қыздың айырмашылықты байқап-байқамағанын түсіну үшін сұрақтар қоя бастайды. Қыз олардың қойған төрт сұрағының үшеуіне дұрыс жауап берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети