Сағадиев терактілерден кейін Ақтөбедегі ҰБТ өткізетін пунктке барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағадиев терактілерден кейін Ақтөбедегі ҰБТ өткізетін пунктке барды © Олжас Мұрзағалиев

ҚР Білім және ғылым минситрі Ерлан Сағадиев Ақтөбедегі Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Білім және ғылым минситрі Ерлан Сағадиев Ақтөбедегі Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде мектеп түлектерімен кездесіп, сынаққа кірушілерге 125 балл алуға тілек білдірді.

"Бізде барлығы дайын, тексерілген. 5 маусым күні кешке балалардың қауіпсіздігін ойлап, ҰБТ өтетін уақытты ауыстырдық. Премьер-министрдің тапсырмасымен бүгін өзім келіп отырмын. Дайындық жоғары деңгейде, балалар дайын, барлығы дұрыс", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін министрлік Ақтөбедегі ҰБТ өтетін күнді 7 маусымға ауыстыру туралы шешім қабылдаған еді. Сонымен қатар, министрлік өкілдері ҰБТ өтетін № 835 пунктте, яғни Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және № 715 пункт, Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде ғана өзгеріс болатынын нақтылады. Қалған орындарда ҰБТ өткізілетін уақыт бұрынғыша қалдырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети