Шалшықтан ауызсу алуға мүмкіндік беретін қондырғы жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шалшықтан ауызсу алуға мүмкіндік беретін қондырғы жасалды ©РИА Новости

Қазақстандық қондырғы шалшықтан ауызсу алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне өнертапқыш Борис Пилат айтып берді. Ғалымның айтуынша, ішуге жарамды суды тұзды судан да алуға болады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық қондырғы шалшықтан ауызсу алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне өнертапқыш Борис Пилат айтып берді. Ғалымның айтуынша, ішуге жарамды суды тұзды судан да алуға болады.

Қондырғының прототипін ғалымдар Бельгиядағы көрмеде көрсетеді. Пилат оның шетелде қызығушылық тудыратынына үміттенеді. "Сор жер барлық жақта бар - Түрікменстан, Моңғолия, АҚШ, Қытайда, бұл елдерде тұзды су бар". Қазақстанда шамамен 90 пайыз тұщы су емес, ащылау су. Біз қондырғыны жасап жатырмыз және оны әр елдерде сатқымыз келеді. Отбасы қандай да шалшықтан су алып, оны тазалап бірден іше алатын болады", - дейді ғалым.

Оның айтуынша, өнертабыста ішінара патенттелген қазақстандық технология қолданылады. Ол біріктірілген диализ - жартылай қорғаныш мембранасы көмегімен төмен молекулалық қосылыстардан тазалау негізінде жасалған. Сонымен қатар, тазалаудың механикалық әдістері пайдаланылады. Пилаттың айтуынша, оған күн батареясы мен автокөлік тұтатқышы қуат көзі ретінде қолданылады. Энергия оған тұздың иондарын кетіру үшін электр өрісін құруға қажет. Бұдан басқа, қондырғы тұщы суды жұқпайтындай ете алады.

Мұндай қондырғыны ғарышта қолдануға болады. Осыған дейін Пилат Марс пен Юпитер серіктеріне экспедицияда қолдануды жоспарлаған тұщыландырушы агрегат жайлы айтып берген еді. Бұл жағдайда ғалымдар ішуге жарамды су емес, зертханада зерттеуге жарамды тұщытылған суды айтып отыр. Мұндай зерттеулердің басты мақсаты - бөгдепланеталық судан органикалық қосылыстарды табу, басқаша айтқанда, тіршілік белгілерін табу.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети