Сарапшы кейбір адамдар неге коронавирус жұқтырмайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарапшы кейбір адамдар неге коронавирус жұқтырмайтынын айтты Фото: Tengrinews.kz

Медицина ғылымдарының кандидаты, Ресей халықтар достығы университеті жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Сергей Вознесенскийдің айтуынша, кейбір адамдар COVID-19 жұқтырмауы мүмкін, өйткені олар басқа коронавирус немесе вирустық инфекциямен ауырып шыққан я болмаса жергілікті иммунитеті бар, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, антиденелер болуы ағзаның ауру қоздырғышпен кездескенін көрсетеді. Бұл жағдайда адамның ауруға, тіпті АИТВ-ға қарсы иммунитеті болады.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырмайтын мұндай адамдар қатары көп. Олардың қандай себеппен иммунитетке ие болғанына әлі нақты қорытынды жасалмады", - дейді Вознесенский.

Оның айтуынша, адамда коронавирус тудыратын басқа аурумен ауырғандықтан иммунитет пайда болады. Екінші болжам, вирус инфекциясын бұған дейін жұқтырған, сондықтан интерферондар деңгейі жоғары. Олардың саны көп болса, онда вирус инфекцияларына сезімталдық төмендейді.

Үшінші нұсқа - вирустың тыныс алу шырышты қабатына енуіне жол бермейтін иммунитет, бұл иммундық кешен және жергілікті элементтердің болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети