16 ақпан 2020 | 10:23

Шекаралас елдерде оқитын өзбекстандық студенттер отанына оралып жатыр - вице-министр

© elements.envato.com

ҚР мілім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Facebook желісіндегі парақшасында Өзбекстан азаматтарынан өзбекстандық жоғары оқу орындарына ауысу туралы өтініштер түсуін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР мілім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Facebook желісіндегі парақшасында Өзбекстан азаматтарынан өзбекстандық жоғары оқу орындарына ауысу туралы өтініштер түсуін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Баршаңызға мәлім, соңғы уақытта еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын Өзбекстан азаматтарынан өзбекстандық жоғары оқу орындарына ауысу туралы өтініштер түсе бастады. Олардың мұндай шешім қабылдауының себебі Өзбекстан елшілігінің өкілдерімен кездесу барысында айқындалды. Бұл жағдай, ең алдымен Өзбекстанда жоғары білімге қол жеткізу мүмкіндігінің артуына байланысты туындап отыр", - деп жазды Мирас Дәуленов.

Реклама
Реклама

Қазақстан өзбекстандық студенттерге грант бөлді

Оның мәліметінше, өзбекстандық студенттер тек біздің елден емес, сонымен қатар, бірқатар шекаралас елдің жоғары оқу орындарынан да өз тарихи отанына ауысып жатыр екен. 

"Қазіргі таңда әлемде халықтың басым бөлігінің жаппай жоғары білім алуға ұмтылу үрдісі байқалады. Барлық жерде академиялық ұтқырлық бойынша кедергілер жойылды. Туындап отырған жағдай қазақстандық жоғары оқу орындарына кері әсер етпейтін табиғи процесс. Қазақстанда 2017 жылы студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарынан отандық жоғары оқу орындарына ауыстыру кезінде кешенді тестілеу тапсыру талабы алып тасталғанын естеріңізге саламын. Аталған шараның нәтижесінде тек 2017 жылдың ішінде 37 мыңнан аса студент Қазақстанның жоғары оқу орындарына ауысу мүмкіндігіне ие болған еді", - деп түсіндірді вице-министр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная