12 желтоқсан 2019 10:59

Қазақстан өзбекстандық студенттерге грант бөлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан өзбекстандық студенттерге 10 грант бөлді. Мұндай мүмкіндікті қазақстандық ЖОО-лардың бірі жасап отыр. Олар көрші елдің биылғы түлектерін құқық және экономика саласы бойынша оқуға қабылдауға дайын. Ол үшін Өзбекстанның білім министрімен арнайы кездесіп, шарт жасасыпты, - деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Университет бұл бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ташкентте өткен Орта Азия елдерінің консультативтік кездесуінен кейін қолдап отыр. Ол кезде Тұңғыш Президент Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан мемлекеттерінің студенттеріне Қазақстан жыл сайын 40 грант бөлетін болады деп айтқан болатын.

"Оқуға қабылдау үшін арнайы конкурс ұйымдастырамыз. Оған өзбекстандық билік өкілдеріне қызығушылық танытып отыр. Олар студенттерді бізбен бірге іріктеуге дайын. Грантты жеңіп алғандарды тегін оқу және жатақханамен қамтитын боламыз. Сонымен қатар, қаңтар айында Түркіменстанға бару жоспарда бар. Ондағы жастарға да 10 грант бөлуді қарастырамыз", - деді Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры Талғат Нәрікбаев.

Сонымен қатар, білім ордасы өз оқу бағдарламасын Ташкент мемлекеттік заң университетіне де енгізбек. Ол үшін жоғары оқу орнымен меморандумға қол қойыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети