20 желтоқсан 2017 | 14:34

Сотталғандар қашықтан жоғарғы оқу орындарында білім ала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып сотталғандар білім алатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып сотталғандар білім алатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда жоғары оқу орындарында сотталғандарды қашықтықтан оқытуға қатысты мәселе талқыланды. Елбасының Ұлт Жоспарының 33 қадамын орындау мақсатында бір жыл бұрын Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы (2016 жылы 8 желтоқсанда) бекітілді.
Стратегия шеңберінде "Қақпа алдында кездесу" жобасы іске асырылды, сотталғандардың отбасыларымен бейнекездесулер, азаматтарды қайта әлеуметке қосу процесіне волонтерлер белсенді тартылды. Сотталғандарды қайта әлеуметке қосу саласындағы ҮЕҰ және қоғамдық бірлестіктермен 292 меморандум жасалды, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жалпы сомасы 55 миллион теңгеге 15 шарт жасалған.

Алматы және Павлодар облыстарында оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сотталғандардың білім алуы жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруы жоспарланып отыр. Осы оқыту білім берудің тек дәстүрлі жүйесінің жағдайымен ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялар пайдаланылатын болады. Бір сөзбен айтқанда, сотталғандарға жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқуға мүмкіндік берілетіні жоспарланып отыр. Сотталғандарды оңтайлы оқыту нысаны интернет және кейс-технологиялар арқылы қашықтықтан оқыту болып табылады.

Осы және басқа да мәселелер, сондай-ақ оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сотталғандардың білім алуы жөніндегі жоба мәселесін қарастыру үшін бүгін Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері және осы университет комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Отырыста әлеуметке қосудың негізгі факторі болып білім және мамандық алу, жұмысқа орналасу екендігі атап өтілді. Сотталғандарды қайта әлеуметке қосу - бұл көкейкесті мәселелердің бірі, оның шешімі тек құқық қорғау органдары емес, нақты мемлекет және азаматтық қоғам институттарына тәуелді. Бұл жағдайда Білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орны.

Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан осы тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің жеке процесін ойлап шығарды. Бұнда басты элемент болып ҚАЖ мекемелерінде оқыту жүйесі, яғни барлық азаматтары үшін еңбек нарығындағы талаптарды, бәсекеге қабілеттілік, құзыреттілік, қойылған міндеттері шеше білу қабілеттілік ескеріледі.

Жобаны әзірлеуге мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық және Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдік атынан шетелдік сарапшылар, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тартылған.

Пилот ретінде Алматы облысының Заречный кентіндегі ЛА-155/8 және Павлодар қаласында орналасқан АП-162/3 мекемелері белгіленген.

Жоба өз жұмысын 2018 жылдың 1 тоқсанында бастайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети