СOVID-19 жұқтыру қаупі төмен қан тобы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СOVID-19 жұқтыру қаупі төмен қан тобы анықталды Фото: m24.ru

АҚШ ғалымдарды бірінші қан тобындағы адамдарда өзгелерге қарағанда коронавирус жұқтыру қаупі төмен екенін анықтады. Олар зерттеу жұмысының қорытындысын сайтта жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ ғалымдарды бірінші қан тобындағы адамдарда өзгелерге қарағанда коронавирус жұқтыру қаупі төмен екенін анықтады. Олар зерттеу жұмысының қорытындысын сайтта жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеуге 750 мыңнан аса науқас қатысқан. Оның 10 мыңнан астамына COVID-19 жұқтырды деген диагноз қойылған.

Ғалымдар науқастарды жынысы, салмағы мен жасына қарай бөлген. Кейін олар бірінші қан тобындағылар арасында коронавирустың таралу деңгейі 9-18 пайызға төмен екенін анықтады.

Зерттеу барысында COVID-19 вирусы үшінші және төртінші қан топтарының иелерінде жиі кездесетіні белгілі болды: олардың 1,5 пайызы індетке оң нәтиже көрсеткен. Екінші топтағы адамдар арасында бұл көрсеткіш - 1,4 пайызды, ал бірінші топтағы адамдар арасында - 1,3 пайыз.

Төртінші қан тобындағы адамдарда коронавирус жұқтыру дерегі 4,1 пайыз жағдайда, үшінші қан тобындағыларда - 4 пайыз, екінші қан тобындағылар арасында - 3,9 пайыз, бірінші қан тобындағылар арасында - 3,2 пайыз жағдай тіркелді.

Айта кетейік, осыған дейін халықаралық ғалымдар тобы екінші қан тобындағы адамдар коронавирусты жұқтыруға бейім деген тұжырымға келген еді. Сарапшылар бұл құбылысты ерекше мутациямен байланыстырған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети