11 тамыз 2021 13:22

"Спутник V" вакцинасының "дельта" штамына қарсы тиімділігі қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

"Спутник V" вакцинасы коронавирустың "дельта" штамына ең тиімді нәтижелерді көрсетті. Вакцинаның штамға қарсы тиімділігі шамамен 83 пайыз болған. Бұл туралы Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бүгінде "Спутник V" вакцинасы "дельта" штамына қарсы ең тиімді нәтижелерді көрсетті. Ресейлік ғалымдардың соңғы зерттеуі бойынша, "дельта" штамына қарсы тиімділігі шамамен 83 пайыз болды", - деді Мурашко.

Оның айтуынша, вакцина коронавирустан болатын ауыр жағдайдан 95 пайыздан аса қорғайды.

Еске салайық, Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылы 11 тамызда Гамалея атындағы орталықта COVID-19-дың алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеді. Ол "Спутник V" деп аталды. Вакцина адамның аденовирус векторларының зерттелген және тексерілген платформасында жасалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети