Ұлыбританиялық ғалым Стивен Хокинг ақыр заман алдағы мың жылдықта нақты болады деп болжады. Ол Оксфордтың студенттік дискуссиялық қоғамы алдында сөйлеген сөзінде осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Атақты физик Жер бетіндегі тіршілік ядролық соғыс, жасанды сана немесе генетикалық құрылымды вирус есебінен жойылып кететіндігіне сенімді. Хокинг әдетінше адамдарды ғаламшардан қашуға шақырып, ғарышпен қашықтап ұшу үшін озық технологиялар жасау керектігін айтты.
Сонымен қатар, зерттеуші соңғы 50 жылда ғылымның алға жылжып, ал адамзат Ғаламды түсінуге жақындағанын айта кетті. Хокинг бірқатар теориялардың пайда болғанына қуанышын білдіріп, соңында ғалымдардың жақын арада "Үлкен жарылыстың қандай болғанын көре алу үшін" гравитациялық толқындарды қолдана алатындығына сенім білдірді.
Сөзінің соңында Хокинг тыңдаушыларды отырып, аяқтарына қарай бермей, бастарын көтеріп, жұлдыздарға қарауға шақырды.