Стивен Хокинг адамзаттың қашан жойылатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стивен Хокинг адамзаттың қашан жойылатынын айтты © interesnyjfakt.ru

Әлемге әйгілі ұлыбританиялық физик-теоретик Стивен Хокинг адамзат толық жойылып кететін жылды атады. Бейжіңде өткен Tencent WE саммитіне қатысушылармен видеобайланыс кезінде ғалым 2600 жылы адамзат жойылып, Жер беті қуат энергиясын тоқтаусыз пайдаланудан от басқан ғаламға айналатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды New York Post.

"Біздің өркениетке адам санының шамадан тыс артуы қауіп төнідіріп отыр. Адамдар батыл түрде алға жылжып, жаңа ғаламшарларды игеру керек", - дейді Хокинг. 

Ғалымның сөзінше, адамдарға қолайлы орын бізге жақын Альфа Центавра жұлдыздар жүйесі болуы мүмкін. Осы мақсатта ғалым Breakthroug Starshot жобасын қолдайтын демеушілерді іздеп жатыр. Бұла жоба бойынша, ғалымдар өте жылдам барлаушы құрылғы жасамақ. 

"Ол Марсқа бір сағатта жетеді. Плутонға дейін бірнеше күнде, ал Альфа Центавраға 20 жылда ұшып бармақ", - дейді ғалым. 

Альфа Центавраға жер серігін ұшыру жобасы 2016 жылы басталған. Бұл жобаға бастама берген ресейлік бизнесмен Юрий Миллер және Стивен Хокинг болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети