03 ақпан 2014 | 15:47

Сырттай білім беру жүйесі түпкілікті жойылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Ярослав Радловский Фото ©Ярослав Радловский

ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшылары Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде еліміздегі сырттай білім беру жүйесі туралы түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Бүгінде сырттай оқуды түгел жабатындай жағдай болып отырған жоқ. Қазір 520 мың студенттің 150 мыңға жуығы сырттай бөлімде білім алып жатыр, сондықтан әзірше бұл бағытты түгел жабуды жоспарлап отырған жоқпыз. Кезінде жұмыс істейтін жастарды жоғары білім алуға көбірек тарту міндеті болды. Біржола жабуға болмайды, бірақ білім берудің жаңа технологияларын қолдану бұл салада сапаны арттыруға септігін тигізеді. Қазір білім сапасын қашықтан оқыту жүйесі арқылы арттыру мәселесі тұр. Егер қашықтан білім беру жүйесі жеткілікті деңгейде дамыған болса, оқытудың бұл түріне келешекте қажеттілік болмауы да мүмкін", - деді вице-министр Такир Балықбаев. Вице-министрдің айтуынша, сырттай бөлімдерге мемлекеттік тапсырыс бойынша, негізінен, тек педагогикалық мамандықтарға ғана орын бөлінеді. "Мен біздің оқыту формасына көңіл аударып отырмағанымызды айтқым келеді. Біз күндізгі бөлім болсын, сырттай бөлім болсын, білім берудің сапасына мән береміз. Сапасыз білім, дипломды, бағаны сатып алу сияқты мәселелер бар болса - бұған күндізгі бөлімде де, сырттай бөлімде де көндігуге болмайды", - деді өз кезегінде министр Аслан Сәрінжіпов. Министр жұмыс істеп жүріп екінші мамандық алғысы келетін адамдарға сырттай бөлімде сапалы білм беру мәселесіне тоқталды. "Бұл - келісуге болатын тиімді формалардың бірі. Ал жекелеген ЖОО-лардың бұны жеңіл табыс көзіне айналдыруы - бөлек мәселе", - деді Білім және ғылым министрі.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети