Шымкенттік оқушы Торонто университетінің грантына ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік оқушы Торонто университетінің грантына ие болды © ASEAN Scholarships

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мүсілім Арайлым Канаданың Торонто университетінің грант иегері атанды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мүсілім Арайлым Канаданың Торонто университетінің грант иегері атанды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Әлемнің үздік 30 университетінің қатарындағы Торонто Университетінде білім алуға Lester B. Pearson Scholarship жыл сайын 37 үміткерге беріледі. Бұл бағдарлама өз мектептерінде жоғары академиялық үлгерімі мен таланттары бар көшбасшы оқушыларды ынталандыру мақсатында тағайындалған. 

Lester B. Pearson Scholarship иегері атану үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған оқушылар құжаттарын тапсырады. Шәкіртақы мыңдаған үміткерлердің арасында болашақта әлемді өзгерте алатын оқушыларға беріледі.

"Бастапқыда өзімді 37 жеңімпаздың арасында екеніме сене алмадым" - дейді Арайлым, - "Бірақ алтын ұям - мектебімнің маған берген мүмкіндіктері мен терең білімінің, бойыма сіңірген тұлғалық қасиеттерің арқасында арманым шындыққа айналды. Lester B. Pearson Scholarship иегері атану үшін айлар бойы ұзақ еңбектендім. Әлемнің үздік университетінде алған білімім мен біліктілігімді елімнің дамуына жұмсағым келеді".

Мүсілім Арайлым - үздік аттестат үміткері, халықаралық IELTS емтиханынан 7,5 балл, SAT емтиханынан 1400 балл алған. Академиялық жетістіктерінен бөлек, қоғамдық іс-шаралардың белсенді ұйымдастырушысы және қатысушысы. Германияның Jacobs University оқу орнының грант иегері, сонымен қатар, Назарбаев Университетінің NUFYPET емтиханынан да жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети