Тараздық оқушылар Ұлыбританияға оқу-танымдық сапарға аттанады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздық оқушылар Ұлыбританияға оқу-танымдық сапарға аттанады

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ерслан Шакенов пен Аян Жапсар Крэнфилд университетіне оқу-танымдық сапарға аттанады. Аталған мүмкіндікті балалар Nazarbayev Fund Schools Challenge байқауына қатысу арқылы жеңіп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Аян мен Ерслан ұшақтардың ұшу тиімділігін арттыруға бағытталған дизайнерлік, технологиялық, техникалық шешімдер мен идеяларын таныстырды.

"Біздің алдымызда аса тиімді ұшақты жобалау міндеті тұрды. Оның конструкциясы үшін біз жеңіл және берік материалдарды пайдаландық, сондай-ақ екі электр қозғалтқышын енгіздік. Ұшақтың көтерілу күшін арттыратын аэродинамикалық қанаттар пайдаландық. Байқау ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз. Өз жұмысымыз бен еңбегімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік берді", - дейді жас өнертапқыштар.

Байқаудың финалына 100 үздік команда қатысты, бұл - Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 500 қатысушы. Қазылар алқасының құрамына жергілікті және шетелдік мамандар кірді.

Байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қамқорлығымен өткізілді. Ұйымдастырушылар ҚР Әділет министрлігі мен "ҰЗМИ" РМК және Назарбаев Университеті мен Крэнфилд Британдық университеті. Қазақстанның ұлттық әуетасымалдаушысы Air Astana және Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры конкурстың серіктестері болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети