Тараздық оқушының Стивен Хокингпен кездесуі тағы да кейінге қалдырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздық оқушының Стивен Хокингпен кездесуі тағы да кейінге қалдырылды © Tengrinews.kz

Тараздық оқушының Стивен Хокингпен кездесуі белгісіз уақытқа кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Исаак Мустопуло Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздық оқушының Стивен Хокингпен кездесуі белгісіз уақытқа кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Исаак Мустопуло Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

 

"Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік" АҚ өкілдері кездесу Стивен Хокингтің уақыты тығыз болғандықтан шегерілгенін айтады. 

"Қазірде бұл сапарды Қазақстандағы British Council қолға алған. Олар апта сайын, күн сайын Хокингтің командасымен хабар алысып тұрады. Ал ғалымның айналасындағылар кездесуді Стивеннің уақыт тығыздығы мен денсаулық жағдайына байланысты шегере тұруды сұрайды. Кездесу болмайды деген сөз емес, тек кейінге қалдырылды. Уақытын шамалап та айта алмаймыз. Бірақ, олар кездесу ұзақ уақытқа қалдырылған жоқ деп айтып отыр", - дейді ұлттық агенттіктің маманы Дамир Төлеусариев.

Еске салайық, тараздық оқушы мен ағылшын ғалымының кездесуі 2016 жылдың 8 желтоқсанында өту керек болатын. Ол кезде қазақстандық оқушының сапарын 2017 жылдың 21 қаңтарына шегерген еді. 

Айта кетейік, Исаак Мустопуло "Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік" АҚ өткізген конкурстың арнайы жүлдесіне ие болған. Жүлдені табыстау кезінде балақай Хокингпен кездесуді армандайтыны туралы айтқан. Агенттік қызметкерлері балаға көмек беруді ойластырып, әлемге әйгілі ғалымның өкілдерімен келіссөздер жүргізеді. Кейін ғалым кездесуге қарсы емес екенін мәлімдеген

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети