Ағылшын археологтары Шекспирдің өміріне қатысты тың деректерді анықтады, - деп хабарлайды BBC Russian.
Ағылшын археологтары Шекспирдің өміріне қатысты тың деректерді анықтады, - деп хабарлайды BBC Russian.
Ғалымдар Уильям Шекспирдің қиратылған үйінің орнындағы қазбалар оған қатысты бірнеше деректі анықтауға мүмкіндік бергенін айтты. Археологтар драматург туып-өскен Стратфорд-апон-Эйвондағы үйдің 20 бөлмеден тұрғанын анықтады. Оның ішінде үлкен ас бөлмесі мен сыра қайнататын орын болған. Бұл үй иесінің дәрежесі жоғары болғанын көрсетеді.
Shakespeare Birthplace Trust қоғамдық ұйымының өкілі Пол Эдмондсон Шекспирдің қала сыртында тұрып, Лондонға тек жұмыс бабы бойынша келіп тұрған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, драматург өмірінің соңғы кезеңін өткізген бұл үйде ең соңғы 26 пьесасының кез келген біреуі жазылған.
Ғимаратты 1759 жылы үйдің жаңа иесі бұзып тастады. Оған Шекспирдің табынушыларының үйге деген қызығушылығы ұнамаған.