Тарихшылар Шекспирдің өміріне қатысты тың деректерді анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тарихшылар Шекспирдің өміріне қатысты тың деректерді анықтады © REUTERS

Ағылшын археологтары Шекспирдің өміріне қатысты тың деректерді анықтады, - деп хабарлайды BBC Russian.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағылшын археологтары Шекспирдің өміріне қатысты тың деректерді анықтады, - деп хабарлайды BBC Russian.

Ғалымдар Уильям Шекспирдің қиратылған үйінің орнындағы қазбалар оған қатысты бірнеше деректі анықтауға мүмкіндік бергенін айтты. Археологтар драматург туып-өскен Стратфорд-апон-Эйвондағы үйдің 20 бөлмеден тұрғанын анықтады. Оның ішінде үлкен ас бөлмесі мен сыра қайнататын орын болған. Бұл үй иесінің дәрежесі жоғары болғанын көрсетеді.

Shakespeare Birthplace Trust қоғамдық ұйымының өкілі Пол Эдмондсон Шекспирдің қала сыртында тұрып, Лондонға тек жұмыс бабы бойынша келіп тұрған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, драматург өмірінің соңғы кезеңін өткізген бұл үйде ең соңғы 26 пьесасының кез келген біреуі жазылған.

Ғимаратты 1759 жылы үйдің жаңа иесі бұзып тастады. Оған Шекспирдің табынушыларының үйге деген қызығушылығы ұнамаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети