02 ақпан 2015 | 16:01

"Тайбурыл" шәкіртақысы байқауының жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

2015 жылдың көктемгі тоқсанына арналған айлық шәкіртақылар байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауды "Тайбурыл" қоғамдық қоры ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқаудың ұйымдастырушыларына сілтеме жасап. Жеңімпаздардың тізімін мына жерден көре аласыздар.


Иконка комментария блок соц сети

2015 жылдың көктемгі тоқсанына арналған айлық шәкіртақылар байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауды "Тайбурыл" қоғамдық қоры ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқаудың ұйымдастырушыларына сілтеме жасап. Жеңімпаздардың тізімін мына жерден көре аласыздар.

Байқаудың ұйымдастырушылары комиссия отырысының 1 ақпанда өткізілгенін айтты. "Жалпы 1980 өтінім онлайн жіберіліп, комиссияның қарауына 1271 өтінім түсті. Өтінімдерді қарау және тексеру 8 сағатқа созылып, жарыстың 252 жеңімпазы анықталды", - деп хабарлады ұйымдастырушылар. Бұл жолы шәкіртақының екі демеушісі пайда болғандықтан, оның саны 250-ден 252-ге көбейді. 

Мұнымен қатар, байқау өкілдері сайысқа 40 жоғарғы оқу орнынан қатысушылар өтінім бергенін және қай оқу орнының студенттері жеңіске жеткенін хабарлады. "40 ЖОО-ның студенттері қатысып, 26 ЖОО студенттері жеңімпаз болды, жеңімпаздардың көбі - Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен (105 студент), әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен (41 студент), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехника университетінен (17 студент) және Nazarbayev University (12 студент) университетінің студенттері.

"Тайбурыл" қорының мәліметінше, байқауға бакалавр бағдарламасында оқып жатқан студенттер қатыса алады. Жалпы шәкіртақылардың саны - 250, оның ішіндегі жүз шәкіртақыны Kaspi Bank және 120 шәкіртақыны VISOR Holding АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжанов ұсынған. Тағы 30 шәкіртақыны осы идеяға қолдау білдірген азаматтар ұсынып отыр.

Айта кетейік, байқауда жеңімпаз атанған студенттерге бес ай бойы ай сайын 30 мың теңге көлемінде шәкіртақы түсіп отырады (2015 жылдың ақпан айынан маусым айына дейін). Конкурсқа қатысу үшін үміткер Қазақстан азаматы болуы керек, сотталмағаны туралы анықтама қағазы және кем дегенде бір оқу семестрін оқып бітіруі тиіс. Үміткер мемлекеттік шәкіртақыдан өзге шәкіртақы түрін алмаған болуы тиіс. "Тайбурыл" қорының конкурсы - жалпыреспубликалық байқау.

"Білімді қолдау" бағдарламасы бойынша комиссия құрамына "Алаш Медиа Групп" медиахолдингінің өкілі Айбек Алдабергенов, "Ақтөбе кенсіз материалдар комбинаты" ЖШС-нің бас директоры Әлім Есетов, "Kaspi Bank" АҚ Астана қаласы филиалының директоры Меруерт Цхай, Black&White Group медиакомпанияның бас серіктесі Думан Қожахметов кірді. Ал комиссияның төрағасы - "ӨРЛЕУ" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети