31 қаңтар 2014 18:35

Тексеру кезінде 3 жекеменшік оқу орны жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі. Фото ©munara.kz Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі. Фото ©munara.kz

Білім және ғылым министрілігінің тексеруі барысында еліміздегі жоғары оқу орындарының көбінде кемшіліктер анықталып отыр. Жекеменшік саналатын университеттердің білім беру жүйесі қайта қарау кезінде 18 жоғары оқу орнының 15 лицензиясынан айрылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында министр Аслан Сәрінжіпов үш жоғары оқу орнының жабылғанын атады. Айтуынша, Қарағандыдағы Халықаралық бизнес академиясы, Шығыс Қазақстан аймақтық және Семейдің "Қайнар" университеті талапқа сай болмағандықтан сот шешімімен жұмысын біржола тоқтатты. Сондай-ақ, алты жоғары оқу орнына қатысты іс сотқа жолданып отыр. "Былтыр мемлекеттік жоғары оқу орындарын аттестациялау кезінде 1,5 мың студент сынақтан өте алмады. Бұл тестілеуге қатысқан студенттердің 11 пайызын құрайды. Ал жекеменшік оқу орындарында бұл меже 5,3 мың адамға жетті. 59 мамандық бойынша тестілеуде мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттері білім деңгейін көрсете алмады", - деді Аслан Сәрінжіпов. Алқа отырысында еліміздегі университеттердің білім беру деңгейіне тоқталған министр Тараз, Қызылорда, Көкшетау қалаларында ғылым докторлары мен кандидаттарының саны аз бола тұра жекеменшік білім ошақтары әлі күнге бар екендігін атады. Мысалы, Көкшетаудағы гуманитарлық-техникалық академияда 286, Қызылордадағы Қазақ-қытай академиясында 431, Тараз техникалық институтында 465, Еуразиялық нарық институтында 448, Қайнар университетінде 521 адам ғана оқиды екен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети