Теңіз сайтаны тұңғыш рет камера объективіне ілікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңіз сайтаны тұңғыш рет камера объективіне ілікті Теңіз сайтаны. ©liveinternet.ru

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Monterey Bay Aquarium Research Institute океанариумының ихтиолог ғалымдары сирек кездесетін балық - теңіз сайтанын тұңғыш рет табиғи ортасынан бейнекамераға түсіріп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz америкалық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Ерекше жәндік Тынық мұхитының Калифорния жағалауында 600 метрге жуық тереңдікте камераға іліккен. Ол терең су астына арналған батискафтың көмегімен видеоға түсірілді.

Теңіз сайтаны - мұхиттың сирек кездесетін әрі жұмбақ жәндіктерінің бірі. Ол - қорегін маңдайындағы жарқырап тұратын ұзын өскіннің көмегімен тауып жейтін жыртқыш, маңдайдағы өскіні қармақ тәрізді, оның жарығы ұсақ балықтар мен ұлуларды арбап, қақпанға түсіреді. Сол себепті теңіз сайтанын қармақшы деп те атайды. Ұсқынсыздығына қарай оған теңіз сайтаны деген атау берілген. Оның басы ірі, тістері өткір.

Ұзақ жылдар бойы океанологтар теңіз сайтанын тіршілік ету ортасында таспаға түсіріп алуға әрекеттенгенімен еш нәтиже шықпай келген еді.   

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети