Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның IT компанияларын Қазақстанға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның IT компанияларын Қазақстанға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы әлемдік тренд немесе үрдіс экономиканы цифрландыру болып қала беретінін айтты.
"Қазақстанда электронды үкімет тиімді жұмыс істеп жатыр. Экономиканың барлық жүйесін құрайтын секторды цифрландыру, смарт-қалаларды, медицина мен білім беруді дамыту жөніндегі жобалар іске асырылып жатыр. Цифрлық шешімдер банк-қаржы жүйесінде табысты қолданылып жатыр", - деді Президент "Орталық Азия-Үндістан" саммитінде.
Оның айтуынша, бүгінде жасанды интеллект, Big DATA, интернет-заттар, онлайн-коммерция және киберқауіпсіздік сияқты салаларды дамыту сұранысқа ие болып отыр.
"Бұдан басқа, Қазақстанда телекоммуникация саласында зертханалар құру, сондай-ақ, электронды техниканы құрастыру өндірісі бойынша жобалар қызығушылық тудырады. Осы бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз. Үнді компанияларын қазақстандық нарыққа шақырамыз. Мен Қазақстан халқына Жолдауымда 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлау міндетін қойдым. Осыған байланысты бізге Үндістан тәжірибесі де, Үндістанның IT және инженерлік кадрларды оқытудағы бай тәжірибесі де қызықты", - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев практикалық қадам ретінде "Астана хаб" халықаралық IT-стартаптар технопаркі базасында Bagmane технологиялық паркімен және басқа да үнді IT-алыптарымен бірге Орталық Азия үшін инженерлік кеңсе мен ақпараттық технологиялар мектебін ашуды ұсынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!